object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-29 23:08:23.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

ҚӨУ-де АМЕРИКАНДЫҚ ҚОНАҚ!

А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-не жасушалық және молекулалық биология бойынша аспирантура бағдарламасы директорының орынбасары, PhD докторы, Арканзас университетінің доценті Аднана Али Халаф Алрубайе келді. Сапар Орталық Азия университеттері серіктестігі (UniCEN) бағдарламасы аясында ұйымдастырылған.

Бірінші күні ғалым Қостанай өңірлік университетінің басшылығымен кездесті, Ахмет Байтұрсынұлы және облыстық тарихи-өлкетану мұражайын аралады.

Электроэнергетика кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен бірлесіп, А.Айтмұхамбетов атындағы инженерлік-техникалық институтының студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына «Инженерлер үшін биология ғылымдары» тақырыбында дәріс оқу жоспарда бар.

Сонымен қатар, «Improvement of Master’s Degree Programs in Kazakhstan Through the Use of Renewable Energy Technologies that Affect Poultry Production +» (Құс шаруашылығына әсер ететін жаңартылатын энергия технологияларын пайдалану арқылы Қазақстанда магистратура бағдарламаларын жетілдіру+) жобасы аясында американдық ғалым «Жас Қанат» құс фабрикасына баруды көздеп отыр, онда тәжірибеге бағытталған сабақтар өткізеді.

Қабылдау комиссиясы