Қостанай облысына шетелдік елшілер жұмыс сапарымен келді. Аймақпен танысу барысында олар Baitursynuly University барды.
Делегация құрамында Испания, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия, Литва, Польша, Португалия, Румыния, Финляндия, Франция, Эстония, Словакия елдерінің өкілдері, сондай-ақ ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстандағы Еуропалық Одақ өкілі болды.
Үш күнге созылған бағдарламаның алғашқы пункттерінің бірі – ҚӨУ бару болды. Қонақтар университеттің тарихымен, инфрақұрылымымен, ғылыми жетістіктері және инновациялық жобаларымен танысты. Студенттермен кездесуде академиялық ұтқырлық және шетелде білім алу мүмкіндіктері туралы сөз қозғалды.