Ашық пікір алмасу алаңына ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, мемлекеттік органдардың, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның өкілдері, жастар мен қоғамдық ұйым мүшелері қатысты.
Кездесу барысында ҚӨУ-нің белсенді студенттері (Әсемгүл Себепова, Әлішер Жакупов және Сабина Атепилева) Мемлекет басшысының әр жылдары ел дамуына қатысты айтқан таңдаулы ой-толғамдары жинақталған кітапты Мәлік Отарбаевтың қолынан алды.
21 тақырыптық бөлімнен тұратын еңбекте Мемлекет басшысының саясаттағы тәжірибесі мен ел болашағына қатысты пайымдары топтастырылған.
Заң үстемдігі, ұлттық бірлік, экологиялық мәдениет, қоғамдық жауапкершілік пен әділетті қоғам құру секілді өзекті мәселелер кеңінен қамтылған.
Дөңгелек үстел ашық пікір алмасу форматында өрбіді. Қатысушылар кітапта қазіргі қоғам үшін өзекті мәселелер қамтылғанын айтып, еңбекті оң бағалады.



















