object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 02:37:50.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Жүлдегерлер қатарында!

Астана қаласында  2024 жылдың 10-13 наурыз  аралығында Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы грек рим күресінен халықаралық турнир (U-20) өтті.  Жарысқа 9 елдің: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекістан, Украина, Тәжікстан, Хорватия, Сауд Арабиясы, Бельгия, Ресей  құрама командаларынан құралған 260 спортшы қатысты.   

«Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті грек-рим күресінен спорт шебері Амангельды Таир 72 келі салмақ дәрежесінде 2 орынды жеңіп  алды.  Амангельды Таирдың  салмағында 35 спортшы бақ сынасқан болатын.

Біздің спортшымызды жоғары жетістіктермен құттықтаймыз және одан әрі жеңістер тілейміз!!

Қабылдау комиссиясы