object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 14:22:21.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

МҰҒАЛІМДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ

Бүгін ұстаздардың кәсіби мерекесі қарсаңында Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтында Педагогика, Психология және арнайы білім беру кафедрасында жаңа оқу зертханалары ашылды: сенсорлық-динамикалық даму зертханасы; арнайы және инклюзивті білім беру және психологиялық түсіру және арт-терапия зертханасы.

Барлық үш зертхана студенттермен сабақ өткізуге қажетті құралдармен жабдықталған. Таныстырылған зертханалар педагог-психологтар мен арнайы педагогтарды тәжірибеге бағдарланған оқытуды ұйымдастыру міндеттерін шешетін болады.

Одан әрі акт залында салтанаттың ресми бөлігі өтті.   Ректор Сейтбек Қуанышбаев ұжымға құттықтау сөз сөйлеп, университетте ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан оқытушыларға алғыс хаттар табыс етті. Оқытушыларды құттықтауға Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы Сайлаубек Ещанов пен облыстық мәслихаттың депутаты, директорлар кеңесінің мүшесі Қырмызы Жаңбыршина келді. Ал "Өнер" студиясы мен өнер кафедрасының студенттері мерекелік концерт дайындады.

Естеріңізге сала кетейік, педагогтардың кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күні биылдан бастап Қазақстанда 5 қазанда атап өтіледі.

 

Қабылдау комиссиясы