object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-03-20 08:21:10.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Назарда - лудомания

Baitursynuly University студенттерімен лудомания тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шараға ҚӨУ-дің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Нурлыхан Темирбеков, Қостанай облысы әкімі аппаратының этика жөніндегі уәкілі Кайрат Сюндиков, өңірдің денсаулық сақтау саласының ардагері Валентин Якимов, ҚӨУ-дің комплаенс-қызметінің офицері Дархан Белгибаев және университеттегі жастар саясаты басқармасының басшысы Диана Ракпанова қатысты.

Қатысушылар жастардың құмар ойындарға тәуелді болу себептерін талқылап, лудоманияның салдарына ерекше назар аударды. Сондай-ақ, ойынға тәуелділіктің сыбайлас жемқорлыққа қатысты қыры да қарастырылды.

Кездесу соңында жастарды мұқият болуға, құмар ойындардың арбауына түспеуге және алған білімдерін достары мен жақындарымен бөлісуге шақырды.

Қабылдау комиссиясы