Baitursynuly University-нің комплаенс-қызметінің офицері Дархан БЕЛГИБАЕВ экономика және құқық факультетінің профессор-оқытушылар құрамымен кездесу өткізді.
Кездесу профилактикалық сипатта өтті. Комплаенс-қызметінің офицері оқытушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңды бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ақпарат беріп, заңнаманың барлық нюанстарымен таныстырды.
Іс-шара соңында Дархан Белгибаев қатысушылардың сұрақтарына толықтай жауап берді.