Өзіңіз туралы КӨБІРЕК біліңіз

“Күміс университет” жобасының қатысушылары ҚӨУ-дегі мұражайларды аралап, түрлі семинарларға қатысуда.

Педагогикалық институттың жаратылыстану пәндері кафедрасының педагогтары 30 қаңтар мен 25 наурыз аралығында Күміс университтің тыңдармандарына арнап жоспарға сәйкес оқу-танымдық, ғылыми-көпшілік семинарлар мен шеберлік сыныптарын өткізеді.

«Қостанай облысының биоәртүрлілігі» бағдарламасының мақсаты – табиғи процестерді, географиялық және пайдалы қазбалардың, тау жыныстарының қалыптасу жағдайларын, сондай-ақ аймағымыздың биологиялық әртүрлілігін талқылау.

«Жер бетіндегі тіршіліктің тарихы» атты бірінші семинар қызықты өтті.

Кездесу аясында қатысушылар Жаратылыстану тарихы мұражайын аралады.

Шараның модераторы – кафедраның аға оқытушысы Сергей Курлов.

Семинар барысында қатысушылар Жердің геохронологиялық тарихын, тіршіліктің даму кезеңдерін талқылап, Қостанай облысындағы Құсмұрын қоңыр көмір кенішінен жиналған бор және палеоген кезеңдерінің экпонаттарымен танысты.

Далалық зерттеу материалдары негізінде қазба қалдықтарын кеңселік өңдеу және сәйкестендіру жұмыстары жүргізілді.

Бағдарлама қатысушылары семинарға белсене қатысып, кафедра оқытушылары мен семинар спикері Сергей Курловқа алғыстарын білдірді.

Қабылдау комиссиясы