object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-08-21 21:50:01.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

ҚӨУ-дің қалай ӨСКЕНІН қараңыз

Бүгін Baitursynuly University-ге Қостанай облысына сапары барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еркін Әбіл келді.

Мәжіліс депутатының келу мақсаты Қостанай өңірлік университетінің дамуымен танысу болатын.

Baitursynuly University ректоры Сейтбек Қуанышбаев білім ордасының болашағы, инфрақұрылымындағы үлкен өзгерістер жайында әңгімелеп берді.
Соңғы жылдары оқу корпустары жаңарды, лабораториялар заманауи жабдықталды. Мұның барлығы ҚӨУ студенттері мен оқытушыларына, ғалымдарына үлкен мүмкіндіктер береді.

Baitursynuly University "Smart-орталығының директоры Гүлмира Дамбауылова біздің университет базасында өңір жастары өзінің ғылыми әлеуетін дамытатынын, бизнес-бастамаларын ұсынатынын айтты.

Депутат Еркін Әбіл ҚӨУ даму қарқынының куәсі болғаны жақсы әсер қалдырғанын айтты және әлі де осы қарқынмен дами беретініне сенім білдірді.

Қабылдау комиссиясы