КӨРУ және ҚАЙТАЛАМАУ

Апта бойы ҚӨУ-нің барлық оқу ғимараттарында «Закладчики. Расплата» және «Закладчики. Мать» деректі фильмдерінің көрсетілімі ұйымдастырылды.

Бұл туындылар есірткі қылмысына тартылған жастардың тағдыры мен олардың отбасыларына тигізген ауыр зардабы туралы баяндайды.

Фильмдерді көріп, оны жан-жақты талқылауға ҚӨУ-нің барлық білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.

Мақсаты – есірткі қылмыстарының алдын алу, студенттердің өз іс-әрекеттеріне жауапкершілігін қалыптастыру, заңға қайшы әрекеттердің құқықтық салдарын түсіндіру және отбасы құндылығын нығайту.

Қабылдау комиссиясы