object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-04-03 00:13:10.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

«ЖЕТІСТІК пен БАҚЫТ – адал еңбектің нәтижесі»

Бүгін Baitursynuly University профессор, Ыбырайтанушы, филология ғылымдарының кандидаты Серікбай Оспанұлының 80 жылдық мерейтойы аталып өтуде.

Университет қабырғасында салтанатты жиын ұйымдастырылып, оның шәкірттері, әріптестері мен қоғам қайраткерлері құттықтауға жиналды.

Мерейтой иесінің өмірі мен еңбек жолы қазіргі жастар үшін үлкен өнеге. Серікбай Оспанұлы Жанкелдин ауданында дүниеге келіп, мектепті аяқтаған соң, ҚазҰУ-дің журналистика факультетіне түсіп, жоғары бәсекелестікке қарамастан, емтихандарды сәтті тапсырып, оқуға қабылданған. Университетті тәмамдағаннан кейін мемлекеттік радиокомитетте жұмыс істеді, редактор болып қызмет атқарып, «Жалын» баспасының бөлім меңгерушісі болды. Кейін туып-өскен өлкесіне оралуға шешім қабылдап, 1997 жылдан бастап университетімізде сабақ берді.

Қазір зейнетке шыққан педагог ғылыми зерттеулерін жалғастырып, Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық мұрасын терең меңгеруде. Серікбай Оспанұлы - қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы. Ол «Ыбырай Алтынсарин атындағы сыйлық» дипломының иегері, Жамбыл атындағы халықаралық сыйлық лауреаты, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы сыйлық, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, 40-тан астам кітап пен өлеңдер жинағының авторы. Оның шығармалары арасында «Музарт» тобының, Валентина Толкунова мен Макпал Жүнісованың, облыстық филармония солистерінің орындауында көпшіліктің көңілінен шыққан көптеген әндер бар.

Профессордың өлеңдеріне жазылған ең танымал әндердің бірі – «Сағындым Алматымды» деп аталады. Аталған ән студенттік шаққа деген сағыныш пен жылы естеліктерге толы өнер туындысы.

Baitursynuly University ректоры Сейтбек Қуанышбаев профессорды құттықтап, оның ғылым мен білім саласына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді:

- Осындай айтулы күні сізге ғылым мен білім саласындағы ерең еңбегіңіз үшін алғыс айтамыз. Халық сіздің ұлт игілігі үшін атқарған игі істеріңізді жоғары бағалайды. Сізге бақытты да баянды ұзақ ғұмыр, мол табыс тілейміз!

Мерейтой иесі өз кезегінде барлық құттықтауларға алғысын білдіріп, былай деді:

«Жетістік пен бақыт – адал еңбектің нәтижесі, қайткенде де білім мен жетілу жолында тоқтап қалмау маңызды».

Қабылдау комиссиясы