object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-23 12:36:46.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Тарих сабақтары

Өздеріңіз білетіндей, 31 мамыр – Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

ХХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанда жаппай саяси қуғын-сүргін және ашаршылық болды. Зардап шеккендердің нақты саны әзірге белгісіз, бірақ Қазақстан халқының үштен бірі аштықтан қайтыс болды деген болжам бар. 1921-1954 жылдары 100 мыңға жуық адам сотталды, ал 20 мыңнан астам адам атылды. 1997 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды.

Осыған орай, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті ішкі саясат департаментінің бастамасымен «Костанайские новости» және «Қостанай таңы» газеттерінің редакцияларымен бірлесіп, бірнеше онлайн-дәрістер өткізеді. Қазақстан тарихы және философия кафедрасының доценті Серікжан Исмаилов «Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін» тақырыбында алғашқы дәріс оқыды.     

Қабылдау комиссиясы