object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-09-04 19:22:14.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Акт залда UPGRADE және басқа да ЖАҚСЫ жаңалықтар

Baitursynuly University ректоры Сейтбек Қуанышбаевтың балмұздақтармен кездесулері жалғасуда. Бүгін ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің студенттерімен жүздесті.

Сейтбек Бекенұлы жаңадан келген студенттерге университет басшылығын таныстырып, олардың сұрақтарына жауап қатты.

Оқу материалдары мен зертханалар жаңара ма?

– Иә. Корпустарда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, зертханалар да ауқымды түрде жаңартылады.

Академиялық ұтқырлық аясында шетелде оқу мүмкін бе?

– Иә, 15-тен астам ЖОО-мен келісімшарт жасалған. Үздік нәтиже көрсеткен жағдайда, бір семестр шетелде оқуға мүмкіндік туады.

Шетелдік оқытушылар шақырыла ма?

– Әрине. Бүгінгі күнің өзінде Түркиядан екі, Польшадан бір оқытушы келді. Жақында Қытайдан да маман келеді.

Ректор 20 күннен кейін Абай даңғылындағы корпустың акт залы жөндеуге жіберілетінін хабарлады. Зал толығымен жаңарып, жаңа орындықтармен және заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

«Кездесулеріміз мұнымен шектелмейді. Барлық сұрақтарыңызға жауап беріледі, алдағы іс-шаралар жөнінде дер кезінде хабарлаймыз. Сіздермен жүздескеніме қуаныштымын. Белсенді болыңыздар, себебі сіздердің өсіп-өркендеулеріңіз үшін үлкен ресурстар бөлініп жатыр», – деді Сейтбек Бекенұлы.

Қабылдау комиссиясы