Университтегі оқу мен ғылыми үрдістерді қажетті әдебиеттермен және ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ететін – «Білім орталығы» ғылыми кітапханасы. Ондағы кітап қоры бір млн-нан астам. Бұл – ғылыми, ғылыми-көпшілік, оқу, өндірістік, анықтамалық, ақпараттық-библиографиялық, ғылыми-техникалық құжаттар мен көркем шығармалар. Сонымен қатар 100-ден артық газет-журналдарға жазылған. Жуырда университет кітапханасының қоры тағы да толықты. Техникалық, экономикалық және құқықтану мамандықтарына қажетті 149 кітап түрі сатып алынды. Барлығы – 655 дана. Олардың 305 данасы техникалық, 139 данасы экономикалық мамандықтарға, 211 данасы құқықтану және заң мамандықтарына арналған. Сондай-ақ IT-мамандықтарға 45 кітап түрі алынды. Ақпараттық жүйе, ақпараттық технология және робототехника, компьютерлік лингвистика, математикалық инжиниринг және компьютерлік модельдеу сияқты оқулықтар – бүгінгі күні сұранысқа ие мамандарды даярлауға көмекші құралдардың бірі. Аталмыш кітіптардың әрқайсысы 3, 7 данадан. Бұл оқулықтармен танысам деушілерге оқу ордамыздың екінші ғимаратындағы оқу залында кітап көрмесі ұйымдастырылған.