26-28 қазан аралығында мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (АРТА) сыртқы сараптама комиссиясы жұмыс істеді. Комиссия экономикалық білім беру бағдарламаларының сапасын бағалады.
Сыртқы сараптау комиссиясы білім беру жүйесінің жетекші халықаралық және қазақстандық сарапшылары, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының өкілдері мен жұмыс берушілерден құрылды.
Өзін-өзі бағалау есебінде көрсетілген ақпаратты растау үшін сыртқы сарапшылар университеттің жұмыс құжаттамасымен танысты, университет қызметкерлерімен, студенттермен, жұмыс берушілермен және түлектермен кездесулер өткізді.
Сыртқы сараптау комиссиясының жұмысы үшін барлық жағдайлар жасалды, барлық қажетті ақпараттық ресурстар қол жетімді болды. Университет санитарлық нормалар мен белгіленген жұмыс кестесіне сай бағдарламада тізімі көрсетілген барлық адамдардың комиссия жұмысына қатысуын қамтамасыз етті. Университет басшылығының АРТА сыртқы сараптау комиссиясымен өткен қорытынды кездесуінде сараптама нәтижелері бойынша жоо-дағы кейбір бағыттарды жетілдіру бойынша ұсыныстар түсті. Сыртқы сараптау комиссиясының жұмысының нәтижелері бойынша Аккредиттеу кеңесінің қарауында білім беру бағдарламаларының аталмыш агенттіктің стандарттарына сәйкестігін анықтайтын есеп жасалады. Сыртқы сараптама комиссиясының мүшелеріне жасаған жұмыстары мен құнды ұсыныстары үшін алғыс айтамыз! Қараша айының соңында белгілі болатын аккредиттеу нәтижелерін күтеміз!