object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-06-05 16:29:47.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Ұлы дала жорығы Марафондағы ЖЕҢІС!

Baitursynuly University студенттері «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафонының жеңімпазы атанды!

Арман Жылқыбай - ҚӨУ-дің «Ветеринарлық медицина» ББ-ның 5 курс студенті. Ол жарысқа Астана қаласының командасы құрамында Қостанайдың тұқымды жылқыларымен қатысты.

Бексұлтан Сұлтанбеков - ҚӨУ-дің «Тарих/История» ББ-ның 2 курс студенті және команда капитаны!

14 мамырда халықаралық марафон-бәйге мәресіне жетті. Бес күн ішінде қатысушылар Алматы облысының аумағы бойынша 500 км қашықтықты бағындырды.

Финал болатын күні мәре сызығына ең мықты 6 команда жетті.

Марафон қорытындысы бойынша:

Қатысушылардың басым бөлігі бұл қиын сыннан өте алмады: 19 команданың тек алтауы ғана мәре сызығына жетті.

«Ұлы Дала жорығы» - бұл жай ғана жарыс емес, бұл - нағыз төзімділік, рух күші мен шеберлік сынға түскен сәт. Жеңімпаз команданы және студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Біз сіздермен мақтанамыз!

Қабылдау комиссиясы