Бүгін А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің конференция залында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еркін Әбіл университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамымен кездесу өткізді.
Шара барысында Еркін Аманжолұлы өзінің депутаттық міндеттерін таныстыра отырып, Мәжілістің «Ғылым туралы заң» жобасына және жаңа бюджеттік кодексті дайындау жұмысына тоқталып өтті.
Ғылым жолында қызмет етіп келе жатқан профессор-оқытушыларға ғылым жүйесінде өзгертулер орнатуға ұсыныстары болса ортаға салуды ұсынды.
Осылайша кездесу еркін-әңгімелесу форматында болып, іс-шара қатысушылары ғылымды дамыту, ғылымға бөлінетін қаржы мәселесі, ұстаздарға қатысты көкейлерінде жүрген сұрақтарын ортаға сала отырып, жауаптар алды.