Ғалымдар мен педагогтар — ҚӨУ-нің МАҚТАНЫШЫ

Бүгін университеттің Ғылыми кеңесінің отырысында ҚӨУ-дың қызметкерлері мен оқытушылары Ғылым күніне орай білім, ғылым және тіл саясатын дамытуға қосқан үлестері үшін марапаттарға ие болды.

Жоғары марапат – «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісі гуманитарлық бағытты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін мемлекет және құқық теориясы кафедрасының меңгерушісі Сылу Шунаеваға табысталды.

Тіл саясатын жүзеге асыруға және тіл саласын дамытуға белсенді атсалысқаны үшін «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі филология және практикалық лингвистика кафедрасының аға оқытушысы Мира Мұратқызына берілді.

Сондай-ақ бірқатар оқытушылар «Ғылым үздігі» құрмет дипломдарымен, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталды.

Әріптестеріміздің еңбегі өңірлік деңгейде де жоғары бағаланды – университет қызметкерлеріне Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың атынан құрмет грамоталары табысталды.

Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Ғылыми ізденістеріңіз жемісті болып, жаңа жетістіктер жаңа белестерге жетелей берсін!

Қабылдау комиссиясы