object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-23 23:36:05.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

«Уақыттың бос өткені – өмірдің бос кеткені»

Бүгін А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ Бухгалтерлік есеп және басқару кафедрасының Мемлекеттік және жергілікті басқару, Есеп және аудит ықтарының 1 курс студенттері мен Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебінің  11-сынып оқушылары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберіндегі «Жаңа гуманитарлық білім қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы негізінде  шыққан кітаптар негізінде тайм-менеджмент әдістерін таныстыруға арналған «Уақыттың бос  өткені – өмірдің бос кеткені» атты кураторлық сағат онлайн форматта өтті. 

Кураторлық сағаттың мақсаты:

—      «уақыт» ұғымын құндылық ретінде түсіндіру;

—     жауапкершілік қасиеттерін дамыту;

—     уақытты бағалай  білуге үйрету.

 Кураторлық сағаттың міндеттері:

Тайм-менеджмент  саласындағы танымдық қызығушылықты дамыту, ой-өрісін кеңейту, «Жаңа гуманитарлық білім қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы негізінде шыққан кітаптардағы тайм-менеджмент әдістерімен таныстыру. Тәрбиелік мақсаты жастардың өз өмірін жақсартуға ұмтылысын дамыту болып табылады.

Кураторлық сағатқа Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Баймағамбетова Гүлназ Мейрамқызы өзі жетекшілік ететін 11-сынып оқушыларымен бірге қатысты. Шара барысында өзі ұстанатын әдістерімен бөлісті.

Тайм менеджмент әдістері Стивен Р. Ковидің «Жасампаз жандардын 7 дағдысы» кітабы арқылы түсіндірілді. Және Рикки Гриффиннің «Менеджмент» оқулығындағы тиімді тайм менеджмент дағдыларын қалыптастыру жаттығулары орындалды.

Бұл кітаптарды  «Қазақстанның ашық университеті» – еліміздің жетекші жоғары оқу орындары мен мамандары бірлесе әзірлеген онлайн-курстарға тегін қол жеткізу мүмкіндігін ұсынатын білім беру платформасы.  https://openu.kz/kz

https://kitap.kz 

“Нұр Отан” партиясының  бастамасымен “Қазақстанның ашық кітапханасын”  дамыту жобасының платформалары арқылы оқуға болатындығы да айтылды.

Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?

Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.

Менің жаным ашиды бұл өмірді,

Өтпейтіндей көретін адамдарға! - дейді Мұқағали Мақатаев.

 Бүгінгі жақсы әңгіме, берілген әдістер жастардың өресін өсіреді, рухани байытады, өздеріңе керек ақпаратпен сусындайды деген сенімдемін.

Қабылдау комиссиясы