Экономика және құқық институтының Құқықтану білім беру бағдарламасының студенттерінің Тобыл қаласының Н.Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушыларымен және Қостанай гуманитарлық колледжінің «Құқықтану» мамандығының соңғы курс студенттерімен онлайн форматтағы кездесуі өтті. Кездесу Азаматтық құқық кафедрасының аға оқытушысы Құралай Ахмединованың жетекшілігімен ұйымдастырылды.
Болашақ студенттер жоғары білім алудың артықшылықтары мен жұмысқа орналасу мәселелері, екінші жоғары білім алу шарттары туралы ақпаратқа қанықты. Сондай-ақ олар әскери кафедраға түсу, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетіндегі жеңілдіктер жайында білді. Кездесу қызықты өтті. Бастысы – маңызды, керекті ақпаратқа толы болды.