ҚӨУ-нің студенттері – республикалық пәндік олимпиада жүлдегерлері

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университетінде өткізілген студенттердің ХІІ республикалық пәндік олимпиадасында 5В011400 – «Тарих» білім беру бағдарламасының студенттері, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің «Тобыл ойшылы» командасы І орынды иеленді. Олимпиада ІІІ кезеңнен тұрды. Біздің команда жалпы есеп бойынша 131 балл иеленіп, жеңіске жетті. Енді 2021 жылы бұл олимпиада біздің оқу орнында өткізіледі.

Команда жетекшісі: Рауан Байдалы, Қуаныш Бектұрғанов

Команда мүшелері: Нұрымжан Қайрғали, Рауан Сартаев, Бақытжан Аманжолов, Ораз Жантасов.

Қабылдау комиссиясы