Республикалық конкурс комиссиясының шешімі негізінде, ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың бұйрығымен «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті" КЕАҚ Басқарма Төрайымы-Ректор лауазымына Дощанова Алма Іргебейқызы тағайындалды.
Бүгін Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысында Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев Алма Іргебайқызын таныстырды.
Ректор өз кезегінде университеттің одан әрі даму стратегиясын жариялады.
Қуаныш Асылханұлы барлық ұжымға ректормен бірге қойылған міндеттерге қол жеткізуін тілеп, өз кезегінде министрлік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетініне сендірді.
Университеттің ұжымы атынан Алма Іргебайқызын шын жүректен құттықтаймыз, сәттілік, табыс тілейміз!