Экономика және құқық Институтының директоры Табулденов Әлібек Нұрмағамбетұлын құттықтаймыз! Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 3 шілдедегі Жарлығымен Әлібек Нұрмағамбетұлы "Қазақстан халқы ассамблеясына 25 жыл" медаліне ие болды. Бұл бірлік пен тұрақтылықты сақтауға, сондай-ақ қазақстандық патриотизмді дамытуға қосқан үлесі үшін ғылыми және қоғамдық қызметке жоғары баға.
Әріптесімізді марапатыменшын жүректен құттықтаймыз, кәсіби және шығармашылық табыс тілейміз!