Бүгін Baitursynuly University көрнекті педагог және тарихшы Амангелді Нарымбаеваның еңбектеріне арналған салтанатты жиын өтті.
Іс-шараға ҚӨУ әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Нұрлыхан Темірбеков, журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ақылбек Шаяхмет, Қазақстанның Еңбек Ері Сайран Буканов, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Өтеген Исенов, композитор Ерсайын Нарымбаев және «Тарих» білім беру бағдарламасының студенттері қатысты.
Салтанатты жиынның негізгі символдық сәті – Амангелді Қасымқызының көпжылдық еңбектерінің тұсаукесері болды. Қызыл лентаны Сайран Балкенұлы мен Ерсайын Бәриұлы қиды.
Мұқабыл Нартай есімді студент қонақтарға Амангелді Қасымқызының «Арқайым - көне түркілер жасаған әлемдік өркениет орталығы» атты кітабының мазмұнымен бөлісті.
Іс-шара соңында бұл кітап алдағы бір жылдың ішінде қазақ тіліне аударылатыны туралы хабарланды.