object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-26 02:18:41.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Тұрақты экономикалық өсім және салық саясаты

Бүгін А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде «Тұрақты экономикалық өсім және салық саясаты» диалог алаңы өтті. Іс-шараға Экономика және құқық институтының «Бухгалтерлік есеп және басқару», «Экономика және қаржы» кафедраларының профессорлары мен оқытушылары, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты.

Тұрақты экономикалық өсім нақты және болжамды салық саясатына тікелей байланысты. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтты. Жолдауда көрсетілген реформалардың бірінші және нақты бағыттарының бірі – «ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ». Мемлекет басшысы өз сөзінде оны жүзеге асырудың нақты жолдарын көрсетті, атап айтар болсақ: макроэкономикалық тұрақтылықты, экономиканы әртараптандыруды, цифрландыруды, шағын және орта бизнесті, адами капиталды дамыту, заң үстемдігін қамтамасыз ету, салық заңнамасына өзгерістер енгізу.

Осы орайда «Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің бас маманы Жанна Тұрғанованың баяндамасын атап өтуге болады. Ол: «Қазақстандағы салық саясаты әкімшілендіруді жеңілдету және кедергілерді барынша азайту бағытында жетілдірілуде, бұл өз кезегінде елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға, сондай-ақ экономиканың басым секторларының дамуын ынталандыруға көмектеседі»,-деп, салық реформаларының негізгі бағыттарын бөліп көрсетті:

- салық органдары мен салық төлеушілер арасындағы тікелей байланысты барынша азайту үшін электрондық аудит тұжырымдамасын енгізу;

- виртуалды қойманы пайдалану;

- салық есептілігін электронды түрде тапсыруға және қол қоюға рұқсат беру.

Сонымен қатар, спикерлер жаңа салық кодексінің, қала құрылысы кодексінің, «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заңның әзірленіп жатқанын атап өтті. Диалог алаңына қатысушылардың пікірінше, мұның барлығы мемлекеттің қатысуымен өтетін барлық экономикалық процестердің ашықтығына ықпал етеді.   

 

 

Қабылдау комиссиясы