Сауаттылық дәстүрі

Бүгін Baitursynuly University-дің Ө. Сұлтанғазин атындағы Педагогикалық институтында Ахмет Байтұрсынұлының тағылымға толы жолдары жаңғырды.

Мұнда Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына және Қазақстан халқының тілдер күніне арналған «Ұлттық диктант» республикалық жобасы өтті.

Ұйымдастырушылар – ҚӨУ Тілдер және әдебиет теориясы кафедрасы.

Диктантқа мәтін ретінде Ахаңның 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарық көрген «Оқу жайы» мақаласы таңдалды. Көлемі – 123 сөз.

Педагогикалық институтта өткен диктант бір реттік акция емес, болашақ тіл шеберлерін тоғыстырып жүрген дәстүр. Бұл жолғы шарада Тілдер және әдебиет теориясының 174 студенті білімдерін шыңдады.

ҚӨУ Педагогикалық институтының директоры Кенжегүл Есіркепова шараның мән-мағынасын атап өтті:

«Бұл жоба – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, азаматтардың жазу сауаттылығын жетілдіруге бағытталған. Мақсат – мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастыру және оны насихаттау»

Жазу аяқталған соң қатысушылар парақ бетіне түскен әр әріпті таразылап, алдарына жаңа мақсат қойды. Себебі бұл диктант – балл өлшеп, қуалау емес, тіл мәдениетін қалыптастыруда үлес қосу, сөз киесін тану.

Қабылдау комиссиясы