«Заң және тәртіп» қағидатын ұстана отырып, Қостанай қаласы прокурорының орынбасары Ерлан Басмурзин Baitursynuly University экономика және құқық факультетінің студенттерімен және оқытушылар құрамымен кездесті.
Кездесу барысында қатысушылар алаяқтықтың негізгі түрлерін, әсіресе ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жасалатын қылмыстарды қарастырды.
Сондай-ақ, Ерлан Басмурзин банк карталарын алаяқтар ұрлаған ақшаны «транзит» ретінде пайдалануға келісудің қауіптілігін түсіндіріп, алаяқтардан қорғануға көмектесетін бірқатар ақпараттар ұсынды.