Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жас тұлғалар, өз саласының көшбасшыларының қатысуымен кезекті онлайн «Адалдық сағатын» өткізді.
Осы жолғы бейне-дәрістердің кейіпкерінің бірі – Қостанай өңірлік университетінің оқытушысы, Машиналар, тракторлар және автомобильдер кафедрасының доценті, жас ғалым, 9 патенттің иегері Евгений Золотухин. Ол «Ғылымдағы парасаттылықтың рөлі қандай?» сұрағына бес минуттық роликте жауап берді.
Евгений сонымен қатар жатып сығымдаудан спорт шебері және үлгілі отағасы.
Бейне-дәріс барысында ол жас көрермендерге ғылымда алғашқы қадамдарын қалай жасағандығы, өзінің үлгі тұтар тұлғасы кім екендігі және білім беру саласындағы жетістік жақындардың қолдауымен, командалық жұмыссыз мүмкін еместігі туралы айтты.
Естеріңізге сала кетейік, «Адалдық сағаты» бірыңғай республикалық акциясы аясында еліміздің түкпір-түкпіріндегі оқушылар мен студенттер белгілі отандастарымыздың шығармашылығы мен табыс тарихын зерделеп, адалдық және парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру мәселелерін талқылап, сондай-ақ мәдениет, ғылым, спорт, өнер және т. б. салалардағы өзекті жаңалықтармен танысады.
«Адалдық сағаты» аясында Қазақстанның танымал тұлғаларын тарта отырып, жастар арасында парасаттылық идеологиясын ілгерілету жалғастырылатын болады.
Евгений Золотухинмен бейне-дәріске сілтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=zwNsXMyd2RY&feature=youtu.be