А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті жыл сайын үздіктерге, олимпиада жеңімпаздарына, спортшыларға, отбасылары қиын әлеуметтік жағдайға тап болған студенттерге қолдау көрсетеді.
Ол үшін ЖОО-да гранттар мен жеңілдіктердің 12 түрі бар және кез-келген білім алушы оларға үміткер бола алады. Оқу мен ғылымдағы үздік жетістіктері үшін 3-4 курс студенттері қосымша «Президенттік стипендияның» иегерлері бола алады.
Биыл комиссия 233 өтінімді саралады. Екі университеттің бірігуіне және конкурстық құжаттаманы бірыңғай форматқа келтіру қажеттілігіне байланысты комиссияның жұмысы қарашаға дейін ұзартылды.
Осылайша, ағымдағы жылы комиссияның шешімі бойынша 105 адам грант пен жеңілдіктерге ие болды.
Олардың қатарына «Ректордың гранты» бірегей жобасының 7 қатысушысы да кірді. Осы жоба бойынша университет Қостанай облысының барлық қалалары мен аудандарының әкімдерімен кадрларды мақсатты даярлау туралы меморандумдарға қол қойған болатын.
Әкімдіктер кадрлар қажеттіліктеріне сәйкес мектеп түлектері арасында кәсіптік іріктеу жүргізеді. Сондай-ақ тәжірибенің барлық түрлерін өтуін қамтамасыз етеді және ең бастысы, жұмысқа орналасуға кепілдік береді.
Университет олардың жатақханада тегін тұруларына жағдай жасайды, сапалы білім беруді жүзеге асырады.
Бизнес те шетте қалмайды – студенттердің кәсіпорындарда тәжірибеден өтуін қамтамассыз етеді, сонымен қатар шәкіртақы тағайындау арқылы қолдау көрсетеді.
Осылайша, университет өңір үшін кадрларды мақсатты дайындап, жұмысқа орналастыру мәселесін шешеді, көп балалы отбасылардан шыққан және ата-анасыз қалған талантты жастарды қолдайды.
Гранттар мен жеңілдіктерге ие болған студенттер тізімімен төмендегі сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыздар