object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-23 07:57:28.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Жаңа тәсілдер мен шешімдер

Жаңа уақыт жаңа тәсілдер мен шешімдерді талап етеді. Сол себептен бүгінгі таңда міндеттер мен басымдықтарды қайта қарау процесі жүріп жатыр. Білім беру мекемелеріне құжаттарды қабылдау процесін автоматтандыру оның жарқын мысалы болып табылады. ҚР Білім және ғылым министрлігі "Egov" электрондық үкімет порталы немесе ЖОО және ТжКБ сайттары арқылы қабылдау механизмі таныстырылды. Жаңа енгізілімнің арқасында түлектерге қағаздарды жинау және тапсыру үшін өңірлерден шығу қажет емес, демек қабылдау комиссиясы жұмысының тиімділігін арттырады және вирусты жұқтыру қаупін төмендетеді.

Өз кезегінде біз «Талапкер-2020» ақпараттық жүйесін жетілдіре бастадық. Енді талапкерлер А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің материалдық базасымен таныса алады, өздерінің кәсіби және эмоциялық бейімділігін анықтап, біздің ЖОО түсу үшін құжаттарды тапсыра алады. Біз «Талапкер-2020» жүйесінің деректерін “Egov” порталында құжаттарды қабылдау жүйесімен синхрондау функциясымен жұмыс істейміз.

«Талапкер-2020» ақпараттық жүйесі ksu.edu.kz университет сайтында орналастырылған. Дәл қазір сіз жүйеге кіріп, біздің жоғарғы оқу орнына үйден шықпай-ақ құжат тапсыра аласыз.

16 наурыздан бастап біз нон-стоп режиміндеміз, біз оқытушыларымыз бен студенттерімізге, талапкерлерге толық қолдау көрсетеміз. Жүйелі түрде, әр бейсенбі және жұма күндері тікелей эфир өткізіледі, әлеуметтік желілерде жұмыс күшейтілді. Және бұл процесстер анықталған кемшіліктер мен стейкхолдерлердің пікірін ескере отырып, жетілдіріліп тұрады. Бұл болашақ табысты анықтайтын жаңа шындық.

Бұл жұмысты ұйымдастырудағы біздің басты міндетіміз – білім беру сапасын арттыру және университет қабырғасында студенттер мен оқытушыларға жайлы болуына барлық жағдайды жасау.

Алма Дощанова, А.Байтұрсынов атындағы
Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры

Қабылдау комиссиясы