object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-09-01 06:27:42.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Талантты, креативті, батыл. Біз осындай жастарды күткен едік!

Бүгін ұйымдастыру апталығы аясында Baitursynuly университетінің бірінші курс студенттерімен тағы екі кездесу өтті.

Шынымды айтсам, бізге жаңадан қабылданған – көлік құрастыру, энергетика және ақпараттық технологиялар факультетінің және ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің студенттері ұнады. Креативті, талантты, батыл. Біз дәл осындай жастарды күткен едік!

Бүгін студенттер университет басшылығымен өз факультеттерінің педагогтарымен танысты. ҚӨУ оқу жүйесі туралы барлық мәліметтерді білді. Сондай-ақ, бір-бірімен танысып, жаңа достар тапты деп сенеміз.

Сіздерге сәттілік, бірінші курс студенттері!!! Біз сіздерге сенеміз! Қош келдіңіздер!

Қабылдау комиссиясы