ҮЛКЕН жеңіс кемел келешектің бастауы

ҚӨУ студенті өзінің тың бизнес-идеясын жүзеге асыру мақсатында миллион теңге грант иегері атанды.

Данат Амангелді ҚӨУ Экономика және құқық факультетінің «Менеджмент» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті.

Ол кәсіпке жаңа қадам басқан қыз-келіншектер мен 18-30 жас аралығындағы жастарға арналған «Coca-Cola Belesteri-2025» атты байқауға қатысып, топ жарды.

Ресми қорытынды бойынша, Данат Қостанай облысының намысын лайықты қорғап, «Podspace – аудио және видеоконтент түсіретін подкаст-студия» жобасын дамыту үшін 1 000 000 теңге көлеміндегі қайтарымсыз грантқа ие болды.

Іріктеуден сүрінбей өткен 11 кәсіпкер Coca-Cola Company Kazakhstan компаниясының сертификатын иеленді.

Бұл қаражат олардың болашақ бизнесіне алғашқы серпін бермек.

Жеңімпаздар бизнес негіздерін меңгеріп, жан-жақты жоспар құрды. 1616 өтінім ішінен іріктеліп, тәуелсіз қазылар алқасының алдында өз жобаларын қорғап шықты.

Әрбір кезең жас кәсіпкерлер үшін идеяны нақты іске асыру жолындағы үлкен сын болды.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Сауатты бастаманың жемісті іске айналуына тілектеспіз. Сәттілік серік болсын!

Қабылдау комиссиясы