Бүгін филология ғылымдарының докторы, университетіміздің профессоры Алмасбек Әбсадықтың «Ер Кейкі – ел есінде» атты кітабының тұсаукесері өтті. Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен басылып шыққан кітаптың тиражы – 3 000 дана.
Ғылыми жұмыс 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізінде Қостанай облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының бастамасымен жүзеге асырылған «Ұлы Дала тұлғалары: Кейкі батыр ізімен» атты ғылыми-танымдық экспедицияның материалдары негізінде және Аманкелді Имановтың туғанына 150 жыл толуына орай жарық көрді.
Бүгінгі салтанатты шараға Алматы, Астана қаласының, сондай-ақ шет елдердің тарихшы ғалымдары, филолог мамандар, Кейкі батырдың ұрпағы, Қостанай өңірлік университетінің студенттері мен оқытушылары, қоғам белсенділері қатысты.