object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 04:34:19.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

«Тәуелсіз Қазақстанның үздік ұстаздары-2020» байқауы өтеді

«Қазақстан педагогтар қауымдастығы» «16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздігі күні» мерекесі қарсаңында Республикадағы барлық білім беру мекемелерінде (балабақша, мектеп, колледж, институт, университет, т.б.) қызмет ететін педагогтар қауымын ынталандырып, өз мамандығына деген сүйіспеншілігінің артуына өз үлесін қосу және білім саласының озат мамандарын анықтау мақсатында республикалық «Тәуелсіз Қазақстанның үздік ұстаздары-2020» байқауын ұйымдастыруда.

Байқауға білім саласында кемінде 3 жыл еңбек өтілі бар мұғалімдер (тәрбиешілер, педагогтар, оқытушылар және т.б.) қатыса алады.

БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ:

Байқауға өтініштер 2 бағыт бойынша қабылданады.

1-ші бағытта: «Қазақстанның үздік ұстазы» ордені, «Білім беру ісінің үздігі», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» және «Ы.Алтынсарин» медалі сарапқа салынады. Аталмыш марапатқа ұсынылатын педагогтің еңбек өтілі үздіксіз 15 жылдан кем болмауы шарт.

Жетістіктер портфолиосына соңғы 5 жылдықтағы жетістіктерді жолдауы тиіс.

2-ші бағытта: «Үздік педагог», «Педагогика саласының үздігі», «Білім беру ісіне қосқан үлесі үшін», «Үздік жас педагог», «Үздік тәрбиеші», «Үздік педагог-психолог» төсбелгілері сарапқа салынады. Аталмыш төсбелгіге ұсынылатын педагогтің еңбек өтілі ең кемі үздіксіз 5 жылдан, «Үздік жас педагог» наградасы бойынша 3 жылдан кем болмауы шарт. Жетістіктер портфолиосына соңғы 3 жылдықтағы жетістіктерді жолдауы тиіс.

«Тәуелсіз Қазақстанның үздік ұстаздары-2020» байқауына қатысу үшін өтінішті толтырған кезде бағытты және награда атауын (орден, төсбелгі) көрсету қажет!

Ұсыныс құжаттарын арнайы құрылған сараптау комиссиясы тексеріп, бағалайды. Сараптау комиссиясының шешімімен үздік деп табылған қатысушылар аталмыш төсбелгілерге лайық деп танылып, қатысушы марапат иегері атанады.

Байқауға қатысуға ниет білдірген мұғалімдер (тәрбиешілер, оқытушылар, т.б.) құжаттарын (өтініш немесе ұсыныс, қатысушы туралы кесте және жетістіктер портфолиосы) 2020 жылы қараша айының 28 жұлдызына дейін Қауымдастықтың kaz_pedagogika@mail.ru немесе kazpedagogika@mail.ru электронды поштасына жолдауы тиіс.

Байқау қорытындысы 30 қараша күні жарияланады.

Қосымша ақпаратпен және өтініш үлгісімен танысу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіздер.

Қабылдау комиссиясы