object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-27 16:14:47.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Тіл және менталитет

Лингвистикалық ғылыми-білім беру зертханасында «Жас лингвист-зерттеуші мектебі» бағдарламасы аясында «Тіл және менталитет: кәрістер мен кәріс тілі» тақырыбында вебинар өтті.

Қонақ спикер - PhD доктор, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің доценті, «Хансан» тіл орталығының директоры Нелли Чинаровна Хан.

Кездесуде кәріс халықтарының мәдениеті, оның тілде көрініс табуы және «Нунчи тілі» сияқты ұғым мәселелері сөз болды.

Нунчи - батыс мәдениетінде теңдесі жоқ кәріс халқына ғана тән феномен. Нунчиді иелену дегеніміз - адамдардың көңіл-күйін сезу, олардың іс-әрекеттерін болжай білу, жанжалды жағдайлардан аулақ болу және тез дұрыс шешім қабылдау мүмкіндігі.

Қабылдау комиссиясы