object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 02:37:55.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

«Сыбайлас жемқорлықсыз әлем» байқауының қорытындысы

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті жариялаған «Сыбайлас жемқорлықсыз әлем» байқауының нәтижесі белгілі болды. Бұл байқауды Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті мен Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірге 2020 жылдың 10 мен 20 қазан аралығында өткізген болатын. Байқау студенттер, магистранттар мен докторанттар арасындағы құқықтық сауаттылықты және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті арттыруға бағытталған.

Байқаудың негізгі идеясы: сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық тұжырымдамасын түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жетілдіру, студенттер арасында заңдылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті орнату, сыбайлас жемқорлыққа қарсы рухта тәрбиелеу.

Студент жастар сыбайлас жемқорлыққа белсенді қарсы тұрады, өйткені олар жемқорлық демократияны және заңдылықты әлсіретеді, бұл адам құқығының бұзылуына әкеліп соқтырады, адамдардың өмір сүру сапасын нашарлатады және халықаралық қауіпсіздікке ықпал етеді деп санайды. Сыбайлас жемқорлық – бұл қорқынышты әлеуметтік зұлымдық, және онымен күресу әр адамның ісі!

30 қазанда байқау комиссиясы магистранттар мен докторанттар арасында үш жүлделі орынды анықтады.

Студенттік жұмыстар арасында жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1 орын – Ботакөз Манабаева, «Биотехнология» мамандығының 3 курс студенті;

2 орын – Арсен Мұханбетжанов, 1 курс, «Халықаралық құқық» мамандығы;

3 орын – Оразова Әсем, «Құқықтану» мамандығының 1-курс студенті.

«Үздік магистрлік жұмыс» номинациясы бойынша:

1 орын – Алмас Жалелов, «Тарих» мамандығы, 1 курс;

2 орын – Ольга Величко, 1 курс «Психология».

 

Қабылдау комиссиясы