Бүгін Baitursynuly University студенттері ҚӨУ-дің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Эльмира Наурызбаевамен кездесті.
Тақырып – «Сессия: барлық сұрақтарға жауап».
Студенттер алдын ала Google-форма арқылы сұрақтарын аноним түрде жолдау мүмкіндігіне ие болды. Проректор барлық өтініштерді мұқият қарап, нақты жауаптарын дайындады.
Ал ашық кездесуде еркін микрофон форматы қолданылды. Сонымен қатар Instagram желісіндегі тікелей эфирде де сұрақ қоюға мүмкіндік берілді.
Нәтижесінде студенттерді толғандыратын барлық мәселелер қозғалды: емтихандар мен қайта тапсыру, апелляция, бос гранттар, ауысу, қайта оқу, өндірістік практика және жұмысқа орналасу.
– Стипендия қашан түседі?
– 30 желтоқсанға дейін.
– Басқа білім беру бағдарламасына ауысуға бола ма?
– Иә, болады. Ол үшін семестрді қарызсыз аяқтап, деканат арқылы өтініш беру қажет.
– Бір пәннен 69 балл алдым. Стипендиядан айырылып қалу қаупі бар ма? Бағаны түзетуге бола ма?
– Әрине, апелляция арқылы болады. Бірақ мүмкіндігінше тезірек жасаған дұрыс.
Соңғы сұрақты қойған студент проректордың байланыс нөмірін алып, мәселе жақын арада шешілмек.
Мұндай мазмұнды кездесулер алдағы уақытта да барынша қолайлы, жаңаша форматта жалғасын табады. Жаңалықтардан қалыс қалмаңыздар.








