Экономика және құқық институтының студенттік деканы Анастасия Тян 1 курс студенттерімен онлайн кездесу өткізді. Бірінші курс студенттері үшін бұл кездесу өте пайдалы болды, Анастасия оларға университеттің қоғамдық және ғылыми өміріне қатысу мүмкіндіктері туралы айтты. Студенттік декан Анастасия Тян мен экономика және құқық институты директорының орынбасары Орал Такиров 1 курс студенттеріне университеттегі интеллектуалды клубтар, спорттық секциялар туралы айтып берді. Оқу орны студенттердің жан-жақты және үйлесімді дамуына, шығармашылық жетілуіне үлкен көңіл бөледі. А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ жоғары білікті мамандарды дайындап қана қоймай, сонымен қатар олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасайды. Кездесу қызықты өтті, бірінші курс студенттері университет туралы көптеген қызықты және пайдалы ақпаратқа қанықты.