object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 12:31:39.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚӨУ СТУДЕНТІ МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

«Менеджмент» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті - Әсем Сайран Елбасы медалімен марапатталды.

- Мен бұл жобаға 10-сыныпта оқып жүріп, қола жүлдегер атанған кезімде қатыса бастадым. Университетке түскеннен кейін де, жоғары деңгейге жету үшін жобаға қатысуды жалғастырдым, - дейді Әсем. Ол үшін челленджге 7 бағыт бойынша қатысу қажет: таланттар мен дағдылар, спорт және физикалық даму, еріктілік, кітап оқу, Ұлттық мұра, туристік жорықтар және еңбек практикасы. Бір жыл ішінде жобаның барлық қатысушылары өз бетінше жұмыс істейді және белгілі бір дағдылар мен коммуникацияларды дамытып қана қоймайды, сонымен қатар өз уақыттарын басқаруды, мақсаттар қоюды және оларға қол жеткізуді, салауатты өмір салтын ұстануды үйренеді. Дәл осы  жобаның мақсаты болып табылады. Соңында Мен көптен күткен күміс медальға қол жеткіздім!

Конституция Күні қарсаңында университет басшылығы Әсем Сайранға лайықты медальын табыс етті.

Естеріңізге сала кетейік, «Елбасы медалі» - жастарды дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі бағдарлама. Әсемнен басқа, Қостанай облысынан тағы 6 қатысушы патриотизм мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін Елбасы медалінің иегері атанды.

Қабылдау комиссиясы