object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 12:30:09.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

2023 ПАРАЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНДА ВU-дің СТУДЕНТІ ҚОЛА МЕДАЛЬ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

Ханчжоуда 22-28 қазан аралығында Қытайда өткен 2023 жылғы төртінші Азия паралимпиадасы аяқталды. Оған паралимпиадалық спорттың 23 түрі бойынша 42 елдің спортшылары қатысты.

 Жүлделі медальдар қоржынына Baitursynuly university студенті өз үлесін қосты. 70 келі салмақ дәрежесінде дзюдодан қола медаль жеңіп алған Динара дзюдомен бір жыл ғана айналысады және осы уақыт ішінде Астанада өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

 -Бұл менің халықаралық деңгейдегі алғашқы жарыстарым, үшінші орынға ие болғаныма өте қуаныштымын. Өзімнің командама, спорт басқармасына, университетке қолдау көрсеткені үшін және өзімнің жаттықтырушым Иван Сорокинге үлкен алғысымды білдіремін. Мен жаттығуды жалғастыра беремін және келесі жарыстарда біздің туымыз бірінші орында, ал қазақстандық әнұран халықаралық жарыстардың барлық түрлерінде айтылатындай етуге бар күшімді саламын, – дейді Динара Куджулова.

 Динара университеттің 1 курсында оқиды және биыл ол «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының грант иегері атанды, соның арқасында экономист мамандығын алады.

Қабылдау комиссиясы