А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенті Worldskills Kostanay-2023 облыстық кәсіптік шеберлік чемпионатының қола жүлдегері атанды.
17-19 сәуір аралығында Қостанай политехникалық жоғары колледжінде «Кондитерлік өнімдер» құзыреті бойынша ІХ аймақтық WorldSkills чемпионаты өтті, оған А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттері де қатысты. Сайысқа қатысушылар кондитерлік шеберліктерін, жоғары білім мен кәсіби шеберліктерін көрсетті.
Нәтижесінде «6В07201-Тамақ өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Юлия Ближенская өңдеу және стандарттау технологиясы кафедрасының оқытушысы Дмитрий Калитканың жетекшілігімен жүлделі 3-орынды иеленді. Студенттер мәдениет сарайында өткен WorldSkills Kostanay-2023 чемпионатының жабылу салтанатында Юлия Ближенская қола медальмен және Құрмет грамотасымен марапатталды.
Юлия мен жетекшісін құттықтаймыз, жеңістеріңіз көп болсын!