Еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Ассамблеясының дамуына үлес қосқан жастарды марапаттау рәсімі өтті. Олардың қатарында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің «Тарих» мамандығының 1 курс студенті де бар. Анель Пимичева қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін «Мейірім» төсбелгісімен марапатталды. Біз Анельді құттықтаймыз және алдағы уақытта сәттілік тілейміз!