2024 жылдың 8-9 ақпан күндері Минск қаласында (Беларусь) самбодан Беларусь Республикасының Президентінің жүлдесі үшін халықаралық турнир өтті. Жарысқа 10 елдің спортшылары қатысты.
Екі күндік додада ең мықты самбошылар сынға түсіп, үздіктер анықтады. 6В01401 «Дене шынықтыру және спорт» білім бағдарламасының 3 курс студенті Конысбай Акжол 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, 2 орынды жеңіп алды.
Конысбай Акжол республикалық және халықаралық жарыстардың женімпазы. тАқжолға алдағы жарыстарға сәттілік тілей отырып, жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектестігімізді білдіреміз.