СТУДЕНТТІҢ көзқарасы деректі кино арқылы

ҚӨУ-де студенттік «KozQaras» IX Республикалық қысқаметражды деректі фильмдер фестивалі өтті.

Фестивальді ҚӨУ-нің журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы ұйымдастырды.

Фестиваль онлайн форматта өтті. Шығармашыл жастардың додасына үш жоғары оқу орнының студенттері қатысты: Astana IT University, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті.

Фестивальға 7 деректі фильм ұсынылды. Жұмыстарды кәсіби қазылар алқасы, деректі фильм режиссерлері мен журналистер бағалады.

Фестивальдің Гран-при жүлдесін Astana IT University студенті Іңкәр Жанакулова «Письмо брату» фильмі үшін иеленді.

Еуразия ұлттық университетінің студенттері Жұлдыз Оразхан мен Әсел Сарсенбектің «Өмірден сахнаға» жұмысы «Көрермендер көзайымы» атанды. Аталған фильмді қазылар алқасы үздік телевизиялық фильм деп таныды.

«Үздік фильм-портрет» номинациясын ҚӨУ студенті Глеб Рычко «Как я вижу свою маму» жұмысымен жеңіп алды.

Фестивальдің ұйымдастырушылары мен модераторлары – кафедра студенттері Галина Чайка, Аружан Қамбарова және Регина Хабибулина. Жетекшілік еткен – кафедра меңгерушісі Айнұр Сүлейменова.

Студенттер фестиваль арқылы кәсіби білімдерін толықтырады, сала мамандарынан тәжірибе жинақтап, кері байланыс алады.

Бағдарлама аясында продюсерлер Сымбат Смағұлова мен Айгүл Черендинованың шеберлік сабақтары өтті. Қатысушылар өз жұмыстарын қазылар алқасымен талқылап, ұсыныстар алды.

Шеберлік сабақтары « Журналисты КРУ » YouTube арнасында жүктелген.

Сонымен қатар «Qostanai.Media» ақпараттық агенттігінің операторлары дәстүрлі шеберлік сабақтарын өткізді. 1–2 курс студенттері кәсіби техникамен танысып, өздігімен түсірілім жасап көрді.

2023 жылдан бастап фестиваль аясында арнайы көрсетілімдер өткізіліп келеді. Биыл Семей ядролық сынақ полигоны туралы Жанана Курмашеваның «Мы здесь живём» фильмі жабық форматта көрсетілді.

Фестиваль «Деректі фильмдер жасау» пәні аясында бастау алды. 2017 жылдан бастап студенттер өз жұмыстарын көрермендер назарына ұсынды, ал 2020 жылдан бері басқа жоғары оқу орындары да қатыса бастады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, келесі оқу жылында кафедраның 30 жылдығы мен фестивальдің 10 жылдығы қатар келгендіктен фестиваль ауқымды түрде өтеді.

KozQaras X фестивалі 2027 жылдың сәуір айында өтеді.

Қатысам деушілер қазірден бастап өтініштеріңізді төмендегі байланыс телефонына жіберулеріңізге болады: WhatsApp: +7 705 763 96 66

Қабылдау комиссиясы