object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-27 04:42:40.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Стрессті басқару

Бүгін, аграрлық-техникалық, сонымен қатар экономика және құқық институтының 1-2 курс студенттері үшін оқу ордамыздың Психология және инклюзивті білім беру орталығы «Стресс-менеджмент» тақырыбы бойынша вебинар өткізді, онда қатысушылар стрессті жеңілдетудің бірегей тәсілдерін үйренуге және күнделікті өмірде стрессті басқарудың түрлі әдістерін тиімді қолдану дағдыларын шоғырландыруға мүмкіндік алды.

Вебинарда стресстің белгілері мен себептері, жедел стресстік жағдайдағы алғашқы көмек және стресске қарсы өмір ережелері талқыланды.

Студенттер нақты жағдайда қалай әрекет ету керектігі туралы әңгімелесті, кез-келген жағдайды түсініп, оларға лайықты жауап бере отырып, мүмкін болатын оңтайлы шешімдерді табуға тырысты. Осылайша, жағымсыз жағдайды оңға айналдыру қабілеті стрессті басқару әдістерінің шарықтау шегі болып табылады.

Вебинар өзін-өзі басқаруды үйренуге және күйзеліске тұрақтылықты арттыру дағдыларын дамыту арқылы стресске қарсы тұра білгісі келетіндердің бәріне қызықты.

Қабылдау комиссиясы