object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 03:33:00.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Стартап мектебі

Astana Hub бизнеспен ешқашан айналыспаған, сондай-ақ белсенді кәсіпкерлерге арналған екі күндік «Стартап мектебі» қарқынды онлайн-курсын өткізеді. Курсқа еліміздің түпкір-түпкірінен, әр түрлі жас ерекшелігіндегі үміткерлер қатыса алады және ол тегін.

Сіз стартапты қалай бастау керек, бизнес-жобаны қалай құру және идеяларды ең қысқа мерзімде жүзеге асыру туралы дайын білім аласыз.

Стартап мектептері – бұл сізді технологиялық бизнеске апаратын алғашқы қадам. Бағдарламаның соңында сіз акселератор, трекинг сияқты Astana Hub-тің келесі білім беру бағдарламаларына қатысу үшін қажетті білім мен шешімдерді аласыз, тіпті Astana Hub-тің қатысушысы бола аласыз.

Ақпараттық технологиялар саласындағы өз өміріңіздің жаңа кезеңін бастау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 11 маусым.

Сілтеме бойынша тіркелу

info@astanahub.kz

Қабылдау комиссиясы