object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-23 15:08:40.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Қалқаман Хасенұлының қатарынан өткізілген екі мерейтойы

Baitursynuly University профессоры Қалқаман ЖАҚЫП өңірімізде танымал ұстаз әрі философия ғылымдарының кандидаты ретінде белгілі. Көпшілік біле бермейтін жайт - ол жас кезінде хирург болуды армандаған.

Емтихандарды сәтті тапсырғанына қарамастан Қалқаман Хасенұлы Қарағанды медициналық институтына түсе алмай қалған. Өйткені, конкурсқа қатысушылардың саны көп болды. Сол 1966 жылы “бәрі осымен бітті” деп ойлаған Қалқаман Жақып үшін бұл тек тағдырдың кезекті сынағы болды. Кейін ол Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетіне келді.

50 жыл бұрынғы жағдайға қайта оралайық. Хирург болу арманымен қош айтысқан Қалқаман Жақып әскерге шақырылды. Әскерде жүргенде Қостанай педагогикалық институтының тарих факультетіне оқуға түсуді өзіне мақсат қойды.

- Біз оқыған жылдары тарих саласы сұранысқа  ие мамандықтардың бірі болды - деп еске алады Қалқаман Хасенұлы. — Тарихшы мамандығымен адамдар әртүрлі саяси құрылымдарда жұмыс істейтін. Әскердегі соңғы жылымда кітап оқумен әуестендім. 11 жылғы қазақ мектебінің түлегі болсам да, орыс тіліндегі кітаптарды көп оқыдым. Тілдік кедергіні жеңіп, емтиханды сәтті тапсырдым.

Есте қаларлықтай оқиғалар көп болды. Қалқаман Хасенұлы тарих мамандығымен қатар комбайншы мамандығын меңгерген. Сол кезде студенттік еңбек отрядтары жұмыс істеді. Болашақ педагог өзінің достарымен бірге Науырзым ауданы мен бұрыңғы Ленин, қазіргі Ұзынкөл ауданында астық жинап еңбектенген.

- Көптеген студенттер ауылдық жерлерден келген еді, — дейді профессор. — Олар Пушкина көшесінде орналасқан жатақханада тұрды. Оқытушылар айына кем дегенде бір рет келіп, тұрмыстық жағдайымызды тексеріп, бізбен бірге шахмат-шашки ойнап, әңгімелесіп, шай ішетін.

Бірнеше жылдан кейін Қалқаман Хасенұлы өзі жатақханаға барып, ата-анасынан алыс қалада жүрген студенттерге көмектесіп тұру үшін директорат пен кәсіподақ ұйымына өтініш білдірген екен.

Қостанай өңірлік университетімен Қалқаман ЖАҚЫП сол күйі қоштасқан жоқ. Биыл екеуі де мерейтой иелері: университет 85 жылдығын, ал профессор университетте 50 жылдық табысты еңбек жолын атап өтті.

https://youtu.be/-U-FpWCAhcQ

Қабылдау комиссиясы