Baitursynuly University студенттері ауқымды республикалық турнирге қатысты.
Олар ағылшын тілінде бәсекеге түсті!
Қазақстанның Фулбрайт қауымдастығы ұйымдастырған пікірсайыс конференциясы Астанада өтті. EТА және ELF американдық бағдарламалары бойынша оқытушыларды қабылдайтын 38 қазақстандық ЖОО қатысты.
Baitursynuly University атынан Фулбрайт бағдарламасының Saide Ritter стипендиаттарына оқитын екінші курс студенттері Парвина АБДУРАХИМОВА мен Диана ЕРБОЛАТ қатысты.
"Пікірсайыс американдық форматта өтті, - деді ҚӨУ халықаралық ынтымақтастық бөлімінің жетекшісі Нағима МАНАСБАЕВА. - Тақырыптар алдын-ала берілген жоқ, көбіне импровизация жасау керек болды. Бәсекелестік жоғары болды. Студенттеріміз үлкен эмоция мен пайдалы тәжірибе жинақтады!"