object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-27 20:25:00.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚӨУ ҚЫЗМЕТКЕРІ ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ АЛҒЫСЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

2023 жылғы 26 желтоқсанда мемлекеттік кеңесші Ерлан Кариннің төрағалығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысы өтті.

Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылғы 24 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлыққа қол қойды, оның негізгі міндеті саяси қуғын-сүргін құрбандарын құқықтық және саяси оңалту болып табылады.

 Мемлекеттік комиссияның қолдауымен барлығы 425 ғалым, зерттеушілер мен сарапшылар біріктірілді, олардың 260-тан астамы өңірлік комиссиялардың құрамына тартылды. Ғалымдар мен сарапшылар еліміздің барлық өңірлеріндегі 60-тан астам мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттарда үлкен зерттеу жұмыстарын жүргізді.

 Комиссия жұмысының нәтижесінде қолданыстағы заңнама шеңберінде 311 мыңнан астам саяси қуғын-сүргін құрбандары ақталды.

 Бірыңғай серия шеңберінде зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ғылыми рәсімдеу үшін материалдар жинағының 72 томы шығаруға дайындалды. А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ғалымдары Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 5 қаңтардағы № 24 Қаулысымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі облыстық комиссияның құрамына кірді, осы басылымның 18-ші және 40-шы томдары дайындалды.

 Өңірлік комиссияның ғылыми-зерттеу жұмыстарымен университет ғалымдары: тарих ғылымдарының докторы, профессор Айдар Айтмұхамбетов, тарих ғылымдарының кандидаттары, қауымдастырылған профессорлар Серікжан Исмаилов, Әлібек Табулденов, Эльмира Наурызбаева, гуманитарлық ғылымдар магистрі Руслан Жүсіпов айналысқан.

 Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы Әлібек Табулденов мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысына қатысып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссияның қызметі шеңберінде тарихи ғылымды одан әрі дамытуға және жүйелі зерттеулерге қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғысымен марапатталды.

Қабылдау комиссиясы