А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің «Smart-орталығының» қызметкерлері «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұйымдастырған вебинарларға қатысты.
Вебинардың тақырыптары біздің аймақ үшін маңызды мәселелерді қамтиды. Атап айтқанда, «Қазақстандық ЖОО-да бизнес-инкубация жүйесін ұйымдастыру»: университеттердің инновациялық жүйесінің бөлігі ретінде бизнес-инкубаторларды құру негіздері, аймақтағы шағын инновациялық кәсіпкерлікті қалыптастырудағы университеттердің рөлі».
Аталмыш вебинардың жүргізушісі – Назарбаев Университетінің бизнес-акселераторының директоры, ABC quick start и Tech Central Asia акселераттық бағдарламаларының үйлестірушісі Болат Сұлтанғазин, оның түлектері Қазақстан Республикасындағы стартаптарға 1 миллион доллардан астам инвестиция тартты.
Вебинарда талқыланған тағы бір маңызды мәселе – «ЖОО-дағы коммерциализация жүйесін ұйымдастыру» ісі. Осы тақырып аясында университеттердегі ғылыми әзірлемелерді коммерциализациялау жүйесін құру – іріктеу мен сараптамадан бастап, ғылыми әзірлемелерді өндірістік компанияларға сатуға дейінгі мәселелер қарастырылды. Сондай-ақ, семинар барысында коммерцияландыру процесін құқықтық қамтамасыз ету мәселелері жөнінде айтылды. Бұл вебинар тақырыбының жүргізушісі – Данияр Жұмағұлов, Назарбаев Университетінің Коммерциализация кеңсесінің негізін қалаушы және тұрақты жетекшісі (2012 жылдан бастап), University of Pittsburgh түлегі.